Білім беру бағыты «Сәби» қорының қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Осы бағыттағы 21…
Жақында \"Сәби\" Қоры Алматы қаласындағы жалпы білім беретін №159 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады.
Ғимараттағы жасалған өзгерістер кіре бергеннен-ақ көзге көрінеді: кіреберіс сатылар тайғанақтамайтын резеңке жабынмен төселген, тамбур кеңейтіліп, жылытылған.
Басты фойе мен мектептің мәжіліс залы толығымен жаңартылды.
Толығырақ айта кететін болсақ, фойедегі қабырғалар ерекше дизайнмен безендірілді, төбеге сәнді люстралар ілінді, ал еденде ерекше жайлылық кілем төселді. Балалар мен ата-аналардың ыңғайлылығы үшін периметр бойы жұмсақ орындықтар орнатылды. Келушілердің назарына көрінетін жаңа тіркеу орны мен түрлі-түсті сілтеме бағдарлау өте ыңғайлы болып істелген.
Мәжіліс залы енді екінші рет өмірге келгендей болды. Еденге жаңадан линолеум төселіп, қазіргі заманның ырғауымен ыңғайлы креслолар қойылды. Үлкейтілген сахна төрі әдемі шымылдықпен, терезелер ашық түсті перделермен, қабырғалар әсем суретпен безенділірді.
Мектептің дәліздері де назардан тыс қалған жоқ. Бірінші және екінші қабаттарында сырлау-әрлеу жұмыстары жүргізілді, қуатты жарықтандыру аспаптары орнатылды. Жаңадан боялған қабырғалар терезелерге ілінген тор-тор перделермен үйлесімін толықтырып отыр. Бұрынғы гардеробтын орнын алған жаңа шкафтар әр оқушыға жеке-жеке болып тіркелді.
Тағы да бір айта кететін жайт, мектептің жөндеу жұмыстары қысқа мерзімде, яғни күзгі каникул кезінде жүргізілді. Екінші тоқсан басталған кезде қалған аз ғана жұмыстар, оқу барысын кері әсерін тигізбей, өз бетінше аяқталды.
Білім беру бағыты «Сәби» қорының қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Осы бағыттағы 21…
Өз қызметінің басынан бастап және 20 жыл бойы «Сәби» қоры бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік мекемелерді салумен,…
«Сәби» Қоры Алматыдағы SOS балалар ауылының үйлеріне жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталды. Осы…